ИНФОРМАЦИОННЫЙ САЙТ АКИМА ЕСИЛЬСКОГО РАЙОНА

www.esil.gov.kz    

СИЛА ЛЮБОГО ГОСУДАРСТВА - В ЕГО НАРОДЕ.

                                                                            Н.Назарбаев

                                    

Поиск по сайту

Поделиться

Социальные сети

1. Да, знаю о программе, хочу приобрести жилье в городе Есиль; 2. Да, знаю о программе, хочу приобрести жилье в другом городе, области; 3. Слышал (а) о программе, не задумывался (лась) о приобретении жилья; 4. Впервые слышу о данной программе.


Практический семинар «Государственный язык- основа Рухани жанғыру ».

11.04.2019

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Есіл ауданында «Рухани жаңғырудың негізі – мемлекеттік тіл» атты практикалық семинар болып өтті. Семинарға Есіл ауданы әкімінің орынбасары Қ.Х.Тажденова, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы А.Д.Талпақова, Ақмола облыстық оқу – әдістемелік орталықтың директоры Қ.Б.Төлекеев пен оқытушысы Т.Қ.Абушахманова және Есіл қаласының, ауылдар мен ауылдық округтердің, Красногорск кентінің әкімдері мен мамандары, мектеп директорлары, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, балабақша меңгерушілері, тіл, ономастика мәселелері жөніндегі комиссиялардың мүшелері, дербес бөлімдердің басшылары, тілдерді оқыту орталығының оқытушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинардың жұмысын аудан әкімінің орынбасары Қорлан Хасенқызы ашып жүргізді. Семинарда облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Айгүл Дүзелбайқызы «Ақмола облысында Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы», аудандық білім беру бөлімінің тілдер бойынша әдіскері Алмагүл Мусина «Есіл ауданының білім саласындағы мемлекеттік тілдің ахуалы», аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бейбітгүл Байғалым «Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануын танымал ету және оны пайдалану аясын кеңейту», Есіл қаласының әкімі Ғазиз Айтмұхамбетов «Ономастика және тарихи дәстүрлі атаулар», аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зәуреш Тасмағамбетова «Есіл ауданындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы» тақырыптарында баяндамалар оқып, мемлекеттік тіл саясатын ауданда жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарымен таныстырды. Сондай – ақ, қазақ тілін екінші ана тілі санайтын өзге ұлт өкілі Снежана Бычковская сөз сөйлеп, қазақ тілді ортаны қалыптастыруда жастардың алатын орны мен қосар үлесі зор екенін айтып өтті. Снежана көптеген облыстық байқаулардың жеңімпазы, қазақ тілін бала күнінен меңгерген.
Семинардың барысында күн тәртібіне қойылған тақырыптардың бәрі жан – жақты талқыланып, нақты тапсырмалар анықталды. Семинардың ресми бөлігі одан әрі секциялық отырыстардың жұмысымен жалғасты. Бірінші секцияда ауылдар мен ауылдық округтердің, Красногорск кенті, Есіл қаласы әкімдерімен «Ономастиканың өзекті мәселелері» тақырыбында Айгүл Дүзелбайқызы дәріс жүргізсе, мекеме басшылары мен мамандарын, мектеп директорларын, балабақша меңгерушілерін, ауыл және ауылдық округ, Красногорск кенті әкімдіктерінің бас мамандарын, қазақ тілі пәнінің мұғалімдерін қамтыған екінші секцияда Ақмола облыстық оқу – әдістемелік орталығының өкілдері «Қазақ тілін оқыту және латын әліпбиіне көшу мәселелері» тақырыбы аясында дәріс оқыды.

 

 

Страница создана: 11.04.2019 09:51
Страница обновлена: 11.04.2019 09:51
Просмотров: 73

Текст