ИНФОРМАЦИОННЫЙ САЙТ АКИМА ЕСИЛЬСКОГО РАЙОНА

www.esil.gov.kz    

СИЛА ЛЮБОГО ГОСУДАРСТВА - В ЕГО НАРОДЕ.

                                                                            Н.Назарбаев

                                    

Поиск по сайту

Поделиться

Социальные сети

1. Да, знаю о программе, хочу приобрести жилье в городе Есиль; 2. Да, знаю о программе, хочу приобрести жилье в другом городе, области; 3. Слышал (а) о программе, не задумывался (лась) о приобретении жилья; 4. Впервые слышу о данной программе.


Уголок воспоминания ветеранов войны

08.05.2019

Соғыс ардагерлері туралы естеліктер бұрышы

«Гүлдер» бөбек – балабақшасында «Рухани жаңғыру» кабинетінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ақпараттық бұрыш ашылды. Бұл бұрышта соғыс кезінде майдан даласына Есіл ауданынан аттанған жауынгер азаматтар туралы мағлұматтар жинақталған. 
Бұрышты ашу салтанатына ардагерлердің ұрпақтары мен ауданның зиялылары, балабақша ұжымы қатысты. Келген қонақтарды балабақша бүлдіршіндері мерекелік концертпен қарсы алды. Балалардың өнерінен соң құттықтауларға кезек беріліп, мәртебелі меймандар сөз сөйледі. Алдымен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серғали Өсіпов сұрапыл соғыс жылдарында майдан даласына өз еркімен кеткен есілдіктер туралы ақпаратпен таныстырып өтті. Серғали Молдахметұлының деректеріне сүйенсек, ел басына күн туған заманда Отанын қорғау үшін Есіл жерінен 3220 адам соғысқа аттанса, соның ішінен тек 567 адам ғана туған жерге оралған. 1392 жерлесіміз соғыс даласында қаза тауып, 1251 – і хабар ошарсыз кетті. Жылдар өткен сайын соғыс куәгерлерінің де қатары сиреп барады. Осыдан 9 жыл бұрын аталып өтілген Ұлы жеңістің 65 жылдық мерейтойын ауданда 24 соғыс ардагері қарсы алған еді, биыл ортамызда көзі тірі 3 ардагер ғана қалып отыр. Сондықтан оларды көзі тірісінде қадірлей білейік, біз бүгінгі бейбіт өміріміз үшін соғыс ардагерлеріне мәңгілік қарыздар екенімізді естен шығармайық. 
Ардагерлерге арналған бұрыштың ашылу рәсіміне алыстан арнайы ат терлетіп келген мейман Роза Досанова соғыс ардагерлері жайлы ақпараттарды ұрпаққа өнеге етіп ұсынуға мұрындық болған балабақша басшысы Үміт Талғатқызына алғысын білдірді. Айта кету керек, Роза Әбіләшімқызы туған жерінен жырақта жүрсе де, балабақша ұжымының игі бастамасын жүзеге асыруға демеушілік көрсетіп, әкесі Әбіләшім Досанов туралы көптеген құнды материалдармен бөлісті. Салтанатты шарада бұрыштың ақпарат қоры бірнеше кітаптармен толықты. Соғыс ардагері Байзулла Айғайбековтің қызы Алтынай Айғайбекова өз жанұясының мұрағатынан «Ұлы Жеңістің - Ұлы тарихы» атты ескі кітапты сыйға тартса, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Алма Омарова Мәлік Ғабдуллиннің он томдық кітабын тарту етті. Шағын мұражай іспетті бұрыштың бір қабырғасында 32 соғыс ардагерінің фотосуреттері басылған үлкен баннер ілулі тұр. Сонымен қатар ардагерлердің өмірбаяны туралы ақпараттар мен наградалары, жеке заттары, фотоқұжаттар қойылған. Бір сөзбен айтқанда, бұл бұрыш бүгінгі ұрпақ арда тұтатын батыр жауынгерлердің өмірінен хабар береді. Бұдан былай балабақшада тәлім – тәрбие алып жатқан кішкентай бүлдіршіндер соғыстың не екенін түсінбесе де, Отан үшін жанын аямаған қаһарман ата – бабаларының болғаны туралы біліп жүретін болады. 
Қаракөз Бекжанова

 

Страница создана: 08.05.2019 17:04
Страница обновлена: 08.05.2019 17:04
Просмотров: 28

Текст